
Жыл сайын суық түскенде және жылыту маусымы жақындағанда, қаза болу мен жарақаттанудың алдын алу мақсатында Департамент жеке тұрғын үй секторын аралау бойынша алдын алу іс - шараларын жүргізеді, ол 2 кезеңге бөлінеді (1 кезең-15 тамыздан 15 қыркүйекке дейін; 2 кезең-15 қыркүйектен бастап жылыту кезеңінің соңына дейін), оның шеңберінде Департамент қызметкерлері аулаларды аралау, рейдтер жүргізеді, үгіт-насихат жұмыстары күшейтіледі. Аралау барысында пештер мен түтіндіктерді, электр жылытқыштарды орнатылуына негізгі аса назар аударылады. Үй иелеріне пештер мен түтін мұржаларын орнату кезінде ақаулықтарын жою жөнінде ұсыныстар беріледі, өртке қарсы тақырыптағы жадынамалар тапсырылады.
Департаменттің бастамасы бойынша қызметкерлер өрт қауіпсіздігі айлығының бірінші кезеңін өткізу кезінде әлеуметтік қорғау, әкімдік, тұрғын үй инспекциясы, ЖПҚ және т.б. өкілдерімен бірлесіп халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйіне барды. Осы санаттағы адамдарға ерекше назар аудару міндетті болып табылады, өйткені дәл осы санаттағы адамдар әрқашан өз үйлерін өрт қауіпсіздігі жағдайына келтіруге мүмкіндігі бола бермейді.
Департамент жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлерінің тізімін құрастырды. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша барлығы 1792 тұрғын үй есепте тұр (Алматы-729, Байқоңыр – 323, Есіл – 196, Сарыарқа – 544). Сондай-ақ 2021-2022 жылғы жылу беру кезеңінде жалға берілетін 1326 тұрғын үй-жай бар (Алматы-481, Байқоңыр – 213, Есіл – 198, Сарыарқа - 434)
Аралау барысында пештер мен түтіндіктерді, электр жылытқыштарды орнатуға басты назар аударылады. Пештер мен түтіндіктерді орнату кезінде бұзылған жағдайларда иелеріне оларды жою бойынша ұсынымдар беріледі, өртке қарсы тақырыптағы жадынамалар тапсырылады. Пештерді орнату кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау тек жылдың жылы мезгілінде ғана мүмкін болатыны белгілі.
Статистикаға сәйкес, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде қала бойынша 469 өрт болды (40% - ға ұлғайып отыр, 2020 ж. - 331). 7 адам қаза тапты, 12 адам жарақат алды, 287 адам құтқарылды, 80 адам эвакуацияланды. Шығулардың басым бөлігі (шығулардың жалпы санының 60%) тұрғын үй секторына тиесілі.
Өрттің басты себептері:
- отты абайсыз пайдалану;
- электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану ережелерін бұзу;
- жылыту пешін орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу;
тұрмыстық электр құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу .
Жылыту пештерін дайындау бірінші кезекте түтін қалдықтарын күйеден, өртке қарсы бөлу құрылғыларынан пештің қатты қыздырылатын бетіне дейін тазалауды қарастырады.
Аталмыш іс-шара елорданың тұрғын үй секторындағы өрттердің санын азайту мақсатында өткізіледі. Сонымен қатар, азаматтарға алдағы жылыту маусымында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы еске салу қажет..
Қымбатты қала тұрғындары мен қонақтары!
Электроқұралдарын және жылыту пештерін орнату барысында мұқият болыңыздар. Ақаулығы бар розеткаларды, басқа да электротұрақтылық заттарды қолданбаңыздар. Оты жанған пешті қараусыз қалдырмаңыздар, өрт қауіпсіздігі шарттарына сәйкес келмейтін пештерді қолдануға жол бермеңіздер, бұған салғырттықпен қараған жағдайда, қайғылы жағдайға алып келуі мүмкін.