
Қостанй облысының Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері өңірлік БАҚ тілшілері үшін баспасөз іс-шарасы форматында кездесу ұйымдастырды.
Қостанай облысы ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі А.Құдайбергеновтың айтуынша, шомылу маусымы басталғаннан бері құтқарушылар 1 697 рейдтік іс-шара ұйымдастырды. Оның барысында 36 мың адамға суда қауіпсіз жүріс-тұрыс шараларына нұсқау берілді. 30 мыңнан астам үгіт материалдарын табыс етті. Жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен суда демалуға арналмаған жерлерде 468 «Шомылуға тыйым салынады» ескерту белгісі орнатылды. Қазіргі уақытта Қостанай облысының барлық аудандарында құтқарушылардың, құқықтық тәртіп сақшыларының, жергілікті атқарушы органдардың, еріктілердің қатысуымен су айдындарында профилактикалық жұмыс ұйымдастырылды. Бұл ретте құтқарушылар тобы демалыс күндері ұлғаяды. Олардың басты мақсаты-судағы ТЖ пайда болуының және су объектілерінде адамдардың, әсіресе балалардың қаза болуы мен жарақаттануының алдын алу. Аталған іс-шаралар шомылу маусымының соңына дейін жалғасады. Облыстық ведомство өкілі атап өткендей, биыл су апатының құрбандары 14 адам болды (2020 жылы-17 адам), оның ішінде 6 кәмелетке толмағандар (2020 жылы-4 бала), 10 адам құтқарылды, оның ішінде 2 бала (2020 жылы – 3 адам).
Департамент қызметкерлері дағдарыстық жағдай туындаған кезде іс-қимылдарды пысықтау бойынша нұсқаулық-әдістемелік сабақ өткізді. Жедел-құтқару жасағының мамандары суға батып бара жатқан адамды құтқару бойынша практикалық іс-қимылдарды көрсетіп, оны Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне табыстады. Ал олар өз кезегінде суда зардап шеккен адамға дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетті.
Тұрғындар бұл кезеңде климаттық ерекшеліктерге байланысты су айдындарында су кез келген ауа райында салқын болатынын есте ұстаулары қажет. Осы ыстық күндерде де ол бір метрге дейін немесе одан да көп қызады, бұл құрысуларға әкелуі мүмкін. Сондықтан шомылушылар жағадан алыс жүзіп, жабдықталмаған демалыс орындарына бармауы керек.
Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз және абай болыңыз. Суға түспес бұрын өз қауіпсіздігіңізді ойлаңыз.
Қостанай облысының ТЖД
Азаматтық қорғаныс басқармасы