2021 жылғы 3-6 тамыз аралығында Коспи теңізінің шекаралас елдеріне алдын ала хабарлау жүргізілді. 2021 жылғы 11 тамызда «Каспий теңізі-BRAVO» оқу-жаттығуының қорытындысы бойынша «Каспий теңізі секторында мұнайдың төгілуі кезінде шекара маңы елдерін хабардар ету» тақырыбында Каспий маңы өңірінің ұлттық құзыретті органдарының онлайн-отырысы өтті, онда баяндамалар, сұрау салулар және көмек көрсету үшін рәсімдер мен байланыс желілерінің келісушілігінің қабылданатын мәселелері қаралды.
Отырыс барысында төтенше жағдайларды жою департаменті бастығының орынбасары, Тегеран конвенциясы Хатшылығының және Каспий маңы өңірінің (Әзірбайжан, Иран, Ресей, Түркіменстан) ұлттық құзыретті органдарының өкілдері баяндама жасады.
Отырысқа қатысушылар Каспий теңізінде мұнайдың төгілуіне байланысты төтенше жағдайларға ден қою жөніндегі шараларды жетілдіру, олардың салдарларын жою мәселелерін талқылады, сондай-ақ көрсетілген көмек үшін шығыстарды өтеу рәсімі және осындай оқу-жаттығуларды өткізудің ұзақ мерзімді кестесі қаралды.
Қорытындылай келе, төтенше жағдайларды жою департаменті бастығының орынбасары Жомарт Асқаров оқу-жаттығуға қатысушыларға белсенді қатысқаны үшін алғыс айтып, бар жақсылықты тіледі.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі