
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша түрік халқына бауырластық және гуманитарлық көмек көрсету аясында 11 тамыз сағат 13.25-те ҚР ТЖМ құтқару тобы Даламан қаласына келді.
Оның құрамында 2 Ми-8АМТ тікұшағы және орман өрттерін сөндіруге тартылған 16 құтқарушы бар.
Түстен кейін өрт сөндіру орындарында барлау мақсатында ұшу жоспарланған. Одан әрі Қазақстан ТЖМ жеке құрамы Түркия Республикасы ТЖМ жедел штабының қарамағында өрт сөндіру жұмыстарына кіріседі.