
Құрғақ және ыстық ауа-райы салдарынан өрт қаупі күрт артады. Осыған байланысты Қарағанды облысының ТЖ департаменті өрттің алдын алу және өңірде өртке қарсы режимнің сақталуын бақылау бойынша барлық шараларды қабылдауда.
Күн сайын халықты қауіпсіздік шаралары, өрт қауіпті кезең жағдайындағы мінез-құлық ережелері туралы хабардар ету бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі.
Өткен аптада ТЖД қызметкерлері полициямен және еріктілермен бірлесіп 47 рейд, 700-ден астам адамды қамтыған 34 жиын және 53 нұсқама өткізілді. Әңгіме барысында тұрғындарға өрт қауіпсіздігі бойынша көрнекі үгіт-насихат берілді.
Табиғаттағы демалыс орындарына ерекше көңіл бөлінеді. Өрт қауіпсіздігі және қоғамдық тәртіп ережелерін бұзу анықталған жағдайда азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері ТЖД, полиция, орман мекемелері мен жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінен тұратын жұмылдыру топтары 800-ден астам адамды анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Облыста жаппай жүргізілетін профилактикалық іс-шараларға қарамастан, күн сайын табиғи өрттер орын алады. Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері 24 орман өрті, 243 дала өрті мен жанулар тіркелді. Олардың пайда болу себептері адам факторы ғана емес. Көптеген жағдайларда табиғи өрттер құрғақ найзағайдың салдарынан болды.
Тұрақты жылу мен құрғақ ауа-райы өрттің үлкен аудандарға тез таралуына ықпал етеді. Сондай-ақ, өрт сөндіру техникасынан өту үшін дала алқаптарының қол жетімсіздігі және жақын жерде су ресурстарының болмауы сөндіруді қиындатады. Осы қиындықтарға қарамастан, өртті сөндіру шаруа қожалықтарының, ТЖД бөлімшелерінің, әкімдіктердің, ерікті өрт сөндірушілердің бірлескен күштерімен жедел жүргізіледі.
Өткен аптадағы ең ірі дала өрті Ұлытау ауданында болды. Құрғақ шөптің жануы 5 тамызда Аманкелді ауылдық округінде анықталған. Өртті сөндіруге шаруа қожалықтарының, Қарағанды облысының ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың, өртке қарсы ерікті құралымдардың, полицияның күштері мен құралдары және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Өрт 8 тамыз күні таңертең жойылды. Өрт аумағы 2000 га құрады.
Құрметті өңір тұрғындары мен қонақтары! Әрбір адам үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін мұқият сақтау маңызды. Құрғақ, желді ауа-райы және отты абайсыз пайдалану қалпына келтірілмейтін салдарға әкелуі мүмкін.
Еске саламыз:
- өрт қауіпті кезеңде от жағуға және басқа да өрт қауіпті жұмыстарды жүргізуге жол бермеңіз;
- егістіктерде құрғақ шөп пен сабанды жағуға жол бермеңіз;
- жанып тұрған сіріңкені, темекі тұқылын, ыстық күлді тастауға болмайды;
- әйнектің, бөтелкенің және оттың пайда болуына ықпал ететін басқа да заттардың сынықтарын күннің астында қалдырмаңыз.
Өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін орындай отырып, табиғатты сақтауға және ауқымды апаттың алдын алуға болады.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі