Өрт қауіпсіздігі саласында бизнес қауымдастықпен өзара іс-қимыл жасау

Өрт қауіпсіздігі саласында бизнес қауымдастықпен өзара іс-қимыл жасау

  

Ақтөбе қаласының ТЖ Басқармасы бизнес қоғамдастықпен өзара іс-қимыл кезінде «Халық пен бизнестің қауіпсіздігі» форумының бағдарламасын іске асыруда. Бүгінгі күні көп қабатты тұрғын үйлерді салу бойынша құрылыс жұмыстарының ауқымды сипатына байланысты адамдар жылжымайтын мүлік сатып алуда, жөндеу жұмыстары және аумақты абаттандыру жүргізілуде.

         Бизнесмендер халықтың қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде орынды бастама таныта отырып, азаматтық қорғау органдарына халық үшін үгіт материалдарын таратуға жәрдемдесуде.

         Ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап құрылыс өнімдері мен жиһаз бұйымдарына брошюралар мен жаднамаларды тегін жабыстыра отырып Ақтөбе қаласының бірқатар сауда құрылыс базарлары арасында «Сіріңке-бір өмірдің бағасы!» акциясы басталды.

         Үгіт материалдарын таратудың бұл әдісі халыққа құрылыс жұмыстары процесінде қауіпсіздік шараларын сақтау туралы хабардар болуға мүмкіндік береді.

         Өрт қауіпсіздігі, жылыту және суға шомылу кезеңдері, сондай-ақ күшті әсер ететін улы заттар қаупі төнген кездегі халықтың қауіпсіз жүріс-тұрыс әрекеттері туралы барлығы 400-ден астам үгіт материалдары ілінді.  

                                                                          

 

Ақтөбе қаласының ТЖБ