Алматы облысының құтқарушылары Қапшағайда жоғалған қыздың анасын тапты

Алматы облысының құтқарушылары Қапшағайда жоғалған қыздың анасын тапты

2021 жылғы 8 тамыз күні сағат 14.40-та Қапшағай су қоймасын патрульдеп жүрген құтқарушыларға, куәгерлер кішкентай қыздың жылап, ата-анасын таба алмай жүргенін айтты.

Құтқарушыларға төрт жасар қыздың анасын табу үшін 30 минуттай уақыт кетті. Қыздың ата-анасы баланың жоғалғаны туралы тіпті білмеген, олар жағада беседкада отырды. Жаяу топ құтқарушыларының "сіз баланы жоғалтпадыңыз ба" деген сұрағына алдымен "жоқ" деп жауап берді, содан кейін құтқарушыларды қуып жетіп, олардың қыздары жоқ екенін айтты.

Алматы облысының ТЖД азаматтардан балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауды сұрайды, әсіресе балаларды судың жанында қараусыз қалдыру өте қауіпті!