Тәулігіне трассалық пункттер жол-көлік оқиғаларына 15 рет шығып, 32 адамды құтқарды

Тәулігіне трассалық пункттер жол-көлік оқиғаларына 15 рет шығып, 32 адамды құтқарды

Өткен тәулікте трассалық медициналық-құтқару пункттерінің бригадалары жол-көлік оқиғаларынан 30-дан астам зардап шеккен адамды құтқарды.

Түркістан облысында Алматы-Ташкент-Термез тас жолының 754 шақырымындағы екі көліктің соқтығысу салдарынан 7 адам, оның ішінде 3 бала  зардап шекті. Ақпаратты алған сәттен бастап 2 минуттан кейін "Қызығұрт" трассалық медициналық-құтқару пунктінің бригадасы жол-көлік оқиғасы орнына шықты. Зардап шеккендердің барлығына қажетті медициналық көмек көрсетіліп, кейіннен Қазығұрт аудандық ауруханасына жатқызылды.

Абай-Жетісай тас жолымен жүріп келе жатып, жеңіл автокөліктің жүргізушісі көлік құралын қағып кетуге жол берген. Оқиға салдарынан 5 адам, оның ішінде 2 бала зардап шекті. Жол-көлік оқиғасына АМО Шымкент қаласы бойынша филиалының "Қызыләскер" ТМҚП бригадасы аттанды. Медициналық бригаданың күшімен 4 зардап шегушіге жедел көмек көрсетілді. Жарақат алғандардың барлығы медициналық мекемеге жеткізілді.

"Меркі-Бурылбайтал" тас жолының 133-ші шақырымында болған қақтығыс кезінде 3 адам қаза тапты. Көптеген жарақаттары бар 55 жастағы жолаушы Жамбыл облысының "Төлеби" ТМҚП бригадасының күшімен құтқарылып, ауруханаға жатқызылды.

Айта кету керек, елімізде 40 трассалық медициналық-құтқару пункті бар.  Олар республиканың 14 облысында орналасқан.

ТМҚП-ның негізгі міндеті ЖКО-дан зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету болып табылады.

Жол бойындағы пункттердің жұмысының арқасында ТМҚП жауапкершілік аймағында кез келген жүргізуші немесе жолаушы кез келген шұғыл жағдайда білікті медициналық көмекке кепілдік беріледі және тегін алады.

Алайда жүргізушілер жолда абай болу керек, рульдің артында демалып, қауіпті маневрлерден аулақ болу керек және жылдамдық режимін сақтау керек.

 

 

ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы ММ