2021 жылдың 30 шілдесінде шетелдік бейіндік жоғары оқу орындарына оқуға кететін күндізгі оқу факультетінің 1-курс курсанттарының ата-аналарымен нұсқамалық жиналыс өткізілді. ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Қ.Карменов ата-аналарға курсанттардың әскери тәртіпті сақтаулары, алдағы сапарға дайындығы туралы айтты.
Жиын әрі қарай Академияның саптық алаңында курсанттардың ант қабылдауының салтанатты рәсімімен жалғасты.
Өз жолдастарының, командирлерінің, туыстарының алдында курсанттар Отанымыздың игілігі үшін лайықты қызмет атқаруға уәде берді.
Бірінші курс курсанттарын Академия бастығы азаматтық қорғау полковнигі Сырым Шәріпханов құттықтап, тілегін білдірді.
Курсанттар атынан сөз алған Рашид Арлан замандастарына сәт сапар айтты. Ата-аналар атынан Ж.Хасенов құттықтау сөз сөйлеп, балаларға білім жолында нық қадам басып, жаңа белестерді бағындыруларын тіледі.
ҚР ТЖМ М. Ғабдуллин атындағы
Азаматтық қорғау академиясының
баспасөз қызметі