Төтенше жағдайлар министрлігінде қоғамдық кеңестің кезекті онлайн отырысы өтті

Төтенше жағдайлар министрлігінде  қоғамдық кеңестің кезекті онлайн отырысы өтті

2021 жылғы 30 шілдеде Қоғамдық кеңестің төрағасы Диханбек Сатылғановтың төрағалығымен ТЖМ қоғамдық кеңесінің кезекті онлайн-отырысы өтті, онда азаматтық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар және азаматтық қорғау органдарының азаматтардың өтініштерін уақтылы қарауын бақылау мәселелері қаралды.

Отырыс барысында Кадр саясаты департаменті мен Құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту департаменті басшыларының баяндамалары тыңдалды.      

Министрліктің ашықтығын, есептілігін арттыру және қоғамда парасаттылық мәдениетін қалыптастыру үшін ТЖМ-де «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі құрылды. Жоба аясында азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылдың жаңа мүмкіндіктері ашылды. Сенім телефондары жұмыс істейді. 

Сонымен қатар, қоғамдық кеңес мүшелеріне министрліктің жалпы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілді, оның қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша 17 ұсыным әзірленді.

Азаматтардың өтініштерін азаматтық қорғау органдарының қарауына келер болсақ, ағымдағы жылдың басынан бері республика бойынша 12 мыңнан астам өтініш түсті, оның ішінде ТЖМ орталық аппаратына - 613.

Халық үшін өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтау, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, далада және суда іздестіру-құтқару жұмыстарын қайта бастау мәселелері, өнеркәсіптік қауіпсіздік, жазатайым оқиғалар, өндірістегі апаттар, жұмысқа орналасу, жұмысқа қайта орналасу, зейнеткерлікке шығу мәселелері өзекті болып қала береді.

Сонымен қатар, ТЖМ-де «Е-өтініш» жаңа ақпараттық жүйе жұмыс істейді.

Отырысқа қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді жетілдіру және азаматтардың өтініштерін қарау мәселелерін талқылады. Пікір алмасып, қоғам өкілдері азаматтық қорғау органдары кадрларының кәсіби құрамын нығайту бойынша ұсыныстар берді.

Қорытындылай келе, кеңес төрағасы Диханбек Сатылғанов отырысқа қатысушыларға белсенді қатысқаны үшін алғыс айтты.

 

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі