
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Қуанар Базарбаев әйел мен баланы құтқарған батырды алғыс хатпен және естелік сыйлықпен марапаттады.
Оқиға 27 шілдеде Триатлон парк ауданында орын алды, онда елордалық құтқарушылар Есіл өзенін патрульдеу барысында көп адамдардың жиналғанын байқап, дереу оқиға орнына жүзіп келгенде, куәгер суға батып бара жатқан әйел мен баланы құтқарғаны анықталды. Анықталғандай, әйел адам балаларымен бірге серуендеп жүрген және бір сәтте ұлдарының бірі суға құлап кеткенін көрген. Баласын құтқаруға тырысып, қолын созды, бірақ тайып кетіп, суға құлады.
Осы сәтте жақын жерде болған Бижұма Нұрақаев балалардың көмекке шақырған айқайын естіп, ойланбастан тез арада жүгіріп келіп, құтқару шараларын қолға алды. Бақытымызға орай, ерліктің, батырлықтың, батылдықтың арқасында біздің батырымыз судан әйелді баласымен бірге құтқара алды.
Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі