Тараздық құтқарушылар суға аққан қызды дер кезінде құтқарды

Тараздық құтқарушылар суға аққан қызды дер кезінде құтқарды

2021 жылдың 29 шілдесінде  сағат 15.56-да Жамбыл облысы ТЖ департаментінің «112» пультіне Тараз қаласы маңындағы Шөлдала иіні аумағындағы ағыны қатты каналда әйел адамның суға ағып бара жатқандығы туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына  Жамбыл облысы ТЖД құтқарушылары жедел жеткен. Оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылардың ішінен екі құтқарушы жедел түрде ағыны күшті суға секірген. Кадыров Жомарт және Телеубаев Ертай есімді құтқарушылар суға ағып бара жатқан азаматшаны судан құтқарып, жедел жәрдем қызмет келіп жеткенше алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетті. Одан әрі жедел жәрдем қызметіне тапсырды.

Құтқарушылар одан әрі өзендер мен су көздерін аралап, суға шомылушыларға судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау жөніндегі түсіндіру жұмыстарын жалғастырды.

Жамбыл облысы ТЖ департаменті таныс емес су көздеріне суға шомылуға жол бермей, суға мас күйде түсуден аулақ болып, суға шомылу кезінде қауіпісізідік шараларын сақтауға шақырады. Өз өмірің өзіңнің қолыңда екенін естен шығармау қажеттігін ескертеді.

 

Жамбыл облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы