Алматы облысының ТЖД азаматтардан балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауды сұрайды

Алматы облысының ТЖД азаматтардан балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауды сұрайды

Жексенбі күні Қапшағай су қоймасының жағалауында төрт бала жоғалып кетті.

Қапшағай су қоймасына ыстық демалыс күні көптеген демалушылар келгендіктен, қараусыз қалған балалар жоғала бастады.

Балалардың жоғалғаны туралы хабарлама Алматы облысының ТЖД-не 2021 жылғы 25 шілдеде сағат 15.00-ден кейін түсе бастады, соңғысы кешкі сағат 19.00-ге жақын жоғалып кетті.

Оқиғалар халық көп жиналатын жерлерде, Қапшағай су қоймасының оңтүстік және солтүстік жағалауында болды. Адасқан балалар 5 пен 10 жас аралығында болды.

Ата-аналарға балаларды іздеу бойынша көмекке Қапшағай өңірінің Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қатарынан патрульдік топтар және Қапшағай қаласының ТЖ бөлімінің жедел тобы қосылды.

Барлық балалар аман-есен жағалаудан табылды, кейбіреулері ата-аналарымен, кейбіреулері құтқарушылармен табылды. Балалардың ешқайсысы медициналық көмекке мұқтаж емес еді.

Алматы облысының ТЖД жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін азаматтардан балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауды сұрайды.

 

Алматы облысы ТЖД

баспасөз қызметі