
Қостанай облысына салқын ауа-райының орнына шілденің аптап ыстығы қайта оралды. Сол себептен дауылды ескерту жарияланды. Бұл уақытта су объектілерінде төтенше жағдайлар мен оқиғалардың туындау қаупі едәуір артады.
Қостанай облысы ТЖД бастығының орынбасары полковник Азамат Орымбаев өңірлік БАҚ өкілдерімен өткен көшпелі брифинг барысында жазғы маусым қызған кездегі құтқарушылардың жұмысы туралы айтып өтті.
«Алдағы күндері ауа температурасы 36 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде. Осыған байланысты Қостанай облысының ТЖД азаматтарды судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Өкінішке орай, биылғы жылы су айдындарындағы оқиғалар статистикасы көңіл көншітпейді. 11 адам, оның ішінде 6 бала су батып, қайтыс болған», - деп атап өтті ТЖД өкілі.
Осы ыстық күндерде алдын-алу шаралары күшейтілді, себебі судың жанында демалушылар көп болады. Құтқарушылардың міндеті - халықты уақытында ескерту, өңірдің су айдындарында төтенше жағдайлардың алдын алу.
Күн сайын құтқарушылар топтары өзендер мен көлдердің акваториялары, жасанды қазаншұңқырлар бойынша рейдтер мен патрульдер жүргізеді. Халықпен алдын алу жұмыстарын жүргізуде құқықтық тәртіп сақшылары, жергілікті атқарушы органдар және еріктілер ұйымдары үлкен көмек көрсетеді.
2021 жылғы 21 шілдеде жоспарланған іс-шаралар шеңберінде Қостанайда Тобыл өзені бойында кезекті рейд өткізілді. Жағалаудан арнайы техникамен, сондай-ақ тікелей қайықтардан дауыс зорайтқыш байланыстың көмегімен демалушыларды суда қауіпсіз жүріс-тұрыс шараларын сақтауға шақырды.
Құтқарушылар орталық қалалық жағажайға барып, кейін Гагарин платинасы мен КЖБИ ауданындағы стихиялық жағажайларды шолып шықты. Демалушыларға су манайында болған жағдайда сақталатын қауіпсіздік ережелері жайлы ақпараттық парақшалар таратылды.
Рейд барысында құтқарушылар мен полицейлер жағажайда ересектердің қарауынсыз қалған балаларға ерекше назар аударды. Жасөспірімдермен де профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Айта кетейік, шомылу маусымы басталғаннан бері департамент қызметкерлері 1 315 рейдтік іс-шара ұйымдастырды, оның барысында 26 298 адамға судағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелеріне нұсқау берілді, 26 мыңнан астам үгіт материалдарын табыс етті. Биыл су айдындарының жағасында жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен «Шомылуға тыйым салынады» деген 457 ескерту аншлагы орнатылды.
Алдын алу жұмыстары жағажай маусымының соңына дейін жалғасады.
Қостанай облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы