
2021 жылғы 21 шілдеде 11 сағат : 33 минутта Алматы қ. ТЖД 101 пультіне Нұрызбай ауданында Райымбек даңғылы 548/2 мекен-жайында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.
Бірінші бөлімшелер келгеннен кейін, бір қабатты ғимараттың шатыры өртеніп тұрғанын анықтады, Өрт сөндіру күштері мен құралдары жоғары шақырту дәрежесі бойынша тартылды.
Өрт орнында штаб құрылып, батыс және оңтүстік-шығыс жағынан екі өрт сөндіру учаске құрылды, су көздерінің аз болуына байланысты, өртке қарсы поезд жұмылдырылып, магистарлды желі тартылып, оқпандары арқылы үздіксіз су беру қамтамасыз етілді, жанып жатқан шатырдың құрылымдарын ашу үшін екі өрт автосаты іске қосылды. Өртті сөндіру жұмыстары конструктивтік ерекшеліктеріне байланысты күрделене түсті: шатыр көп қабатты: бетон плитасының үстіне битум мастикасы,оның үстіне металло- шифер төселген.
Атқарылған шаралармен өрт 12:39-да ауыздықталып, 12:47-де сөндірілді, жақын оранласқан екі бокс қа өрттің таралуына жол берілген жоқ. Қазір құрылымдарды бөлшектеу және төгу жұмыстары жүргізілуде
Өртті сөндіруге 12 бірлік техника, жеке құрамнан 40 адам жұмылдырылды.
Қайтыс болғандар және зардап шеккендер жоқ.
Алматы қаласы ТЖД
баспасөз қызметі