Маңғыстау облысы Қоғамдық коммуникациялар орталығы алаңында брифинг өтті

Маңғыстау облысы Қоғамдық коммуникациялар орталығы алаңында брифинг өтті

2021 жылғы 19 шілдеде Маңғыстау облысы Қоғамдық  коммуникациялар орталығы алаңында Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департамент бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Мұрат Мұхановтың қатысуымен  «Облыстағы өрт қауіпсіздігі  туралы және шомылу маусымы кезеңінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы»  тақырыптарында брифинг өтті.   

Маңғыстау облысының аумағында орман қоры аумағының ауданы 253 мың га құрайды, оның ішінде орман жабылған ауданы 125 мың га.

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының ауданы 223 мың 342 га құрайды, орман жабылған алаң жоқ.

2020 жылғы өрт қауіпті маусымда облыс аумағында орманды дала өрттері мен жанулары тіркелген жоқ.

 Жыл сайынғы тәжірибеге сүйене отырып, «2021 жылдың өрт қауіпті кезеңінде Маңғыстау облысының аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары» бекітілді.

Ағымдағы жылдың мамыр айында табиғи өрттерге ғарыштық түсірілімдерді олардың дамуының бастапқы кезеңінде алу мүмкіндігі үшін жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыштық мониторингі бойынша шарт жасалды.

Департамент қолдауымен Бейнеу және Сам мемлекеттік мекемелері бойынша ормандарды өрттен қорғауды жетілдіруді қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар жоспары, сондай-ақ орман және дала өрттері туындаған жағдайда күштер мен құралдарды тарту жоспары әзірленді.

Атырау және Ақтөбе облыстарымен трансшекаралық сипаттағы орман және дала өрттерін сөндірудің өзара іс-қимыл жоспары келісілді және бекітілді.

Мамыр айында Бейнеу және Сам мемлекеттік орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемелерінің аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және жою бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді.

Бейнеу және Сам орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерінде табиғи өрттер туындаған жағдайда УАЗ (АЦ-09-10) базасында жеңіл өрт сөндіру автомобилдері бар.

Сонымен қатар, азаматтық қорғау күштері, жергілікті полиция қызметі, орман мекемелері мен жергілікті атқарушы органдардан 6 мобильді топ құрылды.

Департамент көмегімен Маңғыстау облысының ауылдық аудандарында табиғи өрттерге ден қою үшін 462 адамнан тұратын 38 ерікті өртке қарсы құрылымдар құрылды. 125 бірлік бейімделген техника мен жабдықтар (су тасығыштар, тракторлар, бульдозерлер және т.б.) бар.

Бұдан басқа, облыс аумағында шығу техникасымен 6 өрт сөндіру бекеттері құрылды (Сенек а., Ақшұқыр а., Таушық а., Боранкөл а., Сай-Өтес а., Тұщықұдық а.). Бұл 8 елді мекенде 35 000 мыңнан астам адамды қамти отырып, аумақты өрттен қорғауға және қамтуға мүмкіндік береді.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар кешені жалғасуда.

Жыл сайын, жазғы кезеңнің басталуымен Каспий теңізінің жағалауында демалушылар саны артып келеді.

Осыған байланысты, статистика бойынша, жаз айларында судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан адамдардың суда қаза болуы мен жарақаттануының шыңы байқалады.

Жыл басынан бері судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан Маңғыстау облысында 14 адам құтқарылды, 8 адам қаза тауып, оңын ішінде 1 бала.

Жүргізілген талдау суда қаза болудың негізгі себебі судағы қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін сақтамауы, атап айтқанда тыйым салынған және жабдықталмаған жерлерде суға шомылуы, мас күйінде суға түсуге, сондай-ақ балаларды қараусыз қалдыратын ата-аналардың жауапсыздығына байланысты болғанын көрсетті.

Облыс әкімдігінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 171 «Маңғыстау облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында көпшілік демалуға, туризм мен спортқа арналған орындарды белгілеу туралы» қаулысымен облыс аумағында шомылуға арналған 38 жағалау учаскесі (Ақтау қаласы - 21, Түпқараған ауданы – 5, Қарақия ауданы - 12) анықталды, оның ішінде 10 - жағажай аймағы, 28 - демалыс базасы.

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы
10 желтоқсандағы № 29/435 «Маңғыстау облысында ортақ су пайдалану қағидалары туралы» шешімімен облыс аумағында шомылуға тыйым салынған 6 учаске орнатылды, оның ішінде Ақтау қаласында – 2, Түпқараған ауданында – 4.

 

 

 

Маңғыстау облысы ТЖД

баспасөз қызметі