Құтқарушылар Алакөлде демалып жатқан адамдарға көмек көрсетті

Құтқарушылар Алакөлде демалып жатқан адамдарға көмек көрсетті

Күн сайын жедел-құтқару жасағының қызметкерлері екі қайықта Алакөл көлінің жағалауын қарауылдайды.

Жағадан 400 метр қашықтықта құтқарушылар катамаранда демалып, көмекке шақырған адамдарды байқады. Онда 6 адам болды, оның ішінде 4-уі бала еді. Катамаран сынып қалып, кішкентай толқындар көтеріліп, қорыққан адамдар көмекке шақыра бастады.

Осы кезде құтқарушылар жақын жерде болып, тез арада құтқаруға келді: адамдарды өз қайықтарына ауыстырып, екіншісін іліп алып жағаға сүйреп апарды.

Демалушылар көкірекше киген екен.

Жүзу құралдарымен кез-келген серуен құру қауіпті екенін ұмытпаңыз, сондықтан катамаранды қолданған кезде ережелерді сақтау керек:

Саяхат басталмас бұрын маршрут туралы келісіп, жүзу құралының біркелкі жүктелуін бақылап, барлық қатысушыларға міндетті түрде құтқару кеудешесін кию керек.

Серуен құру кезінде демалушыларға жүзу құралдарымен жүруге, оны шайқауға және одан суға секіруге тыйым салынады, өйткені бұл катамаранның аударылуына әкелуі мүмкін.

Жарақаттануды болдырмау үшін катамаранның жанында жүзуге немесе басқа жүзу құралдары мен пирстерге күрт арқандап байлауға жол берілмейді, бұл жүзу құралдарының корпусына зақым келтіруі мүмкін.

Төтенше жағдай туындаған кезде "112"нөміріне қоңырау шалыңыз.

 

                     ШҚО ТЖД баспасөз қызметі