
Бүгін мұздықты тексеру кезінде РЖҚЖ қызметкерлерінің жаяу тобы ер адамды тапты. Ол қатты тоңып қалған, құтқарушылар оған жылы киім берді. Медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ. Қазіргі уақытта РЖҚЖ жедел тобы таудан туристпен бірге түсіп келе жатыр
Еске сала кетейік, 18 шілде күні турист Іле Алатауы тауларында жоғалып кеткен болатын. Іздестіруді РЖҚЖ құтқарушылары альпинизм федерациясының альпинистерімен бірлесіп жүргізді.
Жоғалған адамды іздестіруге «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы жұмылдырылды.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі