Өрт-құтқару спорты бойынша Қазақстан чемпионатында кедергілері бар 100 метрлік жолақтан өту спорт түрінен жеңімпаздар анықталды

Өрт-құтқару спорты бойынша Қазақстан чемпионатында кедергілері бар 100 метрлік жолақтан өту спорт түрінен жеңімпаздар анықталды

Бүгін өрт-құтқару спорты бойынша чемпионаттың қатысушылары кедергілері бар 100 метрлік жолақтан өту спорт түрінен жарысты. Спортшылар кедергілерді жеңіп, өрт сөндіру жеңдерінің орамдарын ұстап, брус бойымен жүгірді, жүгіріп бара жатып жеңдерді тарқатты, содан кейін оларды тармақтап жалғап, қолдарына өрт оқпанын алып мәреге жетті. Әр командаға екі мүмкіндік берілді.

Әйелдер арасындағы тартыста үшінші орынды 19:00 нәтижесімен Шымкент қаласының командасынан Жидонис Анастасия иеленді. Екінші орын 18:17 нәтижесімен елордалық команданың спортшысы Любовь Печатноваға бұйырды. Бірінші орынды Қостанай облысы командасының спортшысы Айнұра Бажева жеңіп алды, ол үздік 17:00 нәтиже көрсетті.

Ерлер арасындағы жеке біріншілікте үшінші орынды Шығыс Қазақстан облысынан келген Ержан Шәріпханов иеленді. Екінші болып Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының өкілі Петр Подгородецкий мәреге жетті. Бірінші орынды Атырау облысынан келген Даниил Пузиков иеленді.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ертең чемпионат қатысушылары өрт эстафетасында өз шеберліктерін көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, Қостанай облысының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде.

 

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі