
Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы биыл өзінің алғашқы түлектерін шығарып салып, күндізгі оқуға алғашқы үміткерлерді қабылдай бастады.
2021 жылдың 4 шілдесінде Академияда оқуға үміткерлерді іріктеу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес талапкерлер тіркеуден өтіп, құжаттарын тапсырды және казармаға орналасты. Биыл конкурстық іріктеуге 400-ге жуық адам қатысуда.
5-13 шілде аралығында талапкерлер әскери-дәрігерлік комиссиядан өтті.
Оларға конкурстық сынақтардан бөлек мәдени-бұқаралық іс-шаралар, имидждік бейнероликтер көрсетіліп, психологиялық тренингтер ұйымдастырылды.
14 шілдеде әскери-дәрігерлік комиссия шешімімен азаматтық қорғау органдарындағы қызметке жарамды деп табылған талапкерлер дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсыруды бастады. Олар екі күн бойы нормативтерді тапсырады. Осы уақыт аралығында талапкерлер 100 метрлік жолақты еңсеріп, кермеде тартылады және 1000 метрлік қашықтықты жүгіріп өтеді.
Үміткерлердің денсаулық жағдайы мен дене дайындығын бағалау нәтижелері белгілі болған соң қабылдау комиссиясы Академияға оқуға үміткерлерді іріктеуды бастайды.
ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы
Азаматтық қорғау академиясының
баспасөз қызметі