
Кеше, 2021 жылғы 13 шілдеде құтқарушыларға Көкшетау тауында 2000 жылы туған ер адамның құлағыны, оған медициналық көмек пен таудан түсуге көмек қажеттігі туалы хабарлама келіп түсті.
Құтқарушылар дереу оқиға орнына келген бойда, 11 адамнан тұратын топтың Көкшетау тауының баурайына көтерілгені анықталды. Сағат 13.00 шамасында жаңбыр жауа бастаған. Тайғақ тасты беткейдің салдарынан 2000 жылы туған ер адам тайып кетті, шамамен 2 метр биіктіктен құлап, сол қолын ауыртып алған. Осыдан кейін 10 адамнан тұратын топтың бір бөлігі таудан өздігінен түсіп кетіп, бір бөлігі құтқарушыларды күтуге қалды.
Құтқарушылар зардап шегушіні жедел жәрдем көлігімен Щучинск қаласының орталық аудандық ауруханасына тексеру үшін жіберді, алдын ала тексеру бойынша сол қолынан жарақат алған.
Ақмола облысы ТЖД
баспасөз қызметі