Қапшағай су қоймасында 3 адам құтқарылды

Қапшағай су қоймасында 3 адам құтқарылды

2021 жылғы 12 шілде күні Қапшағай су қоймасының қалалық жағажайын патрульдеу барысында Қапшағай өңірінің Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 3 адамды құтқарды, оларды жағадан қашықтыққа үрлемелі матраста алып кетті. 1998 жылы туған үш ер адам суда бір матраста, жеке қауіпсіздік құралдарынсыз - құтқару кеудешелерсіз болған.

Осыған ұқсас оқиға ағымдағы жылдың 10 шілдесінде Балқаш көлінде болған. Ер адамды қатты желдің салдарынан жағадан 10 шақырым жерге үрлемелі қайықпен алып кетті, оны құтқару үшін құтқарушыларға бірнеше сағат қажет болды.

  Жел күшейген кезде үрлемелі баллондар мен матрастарды әдетте көлдің ортасына апарады, сондықтан Алматы облысының ТЖД азаматтардан жіберілетін дауылды ескертулермен танысуды және желді ауа райында үрлемелі матрастар мен қайықтарды пайдаланбауды сұрайды. Жел немесе ағысы оларды жағадан өте алыс алып, толқынмен басып кетуі мүмкін, ауа олардан шығуы мүмкін және олар жүзгіштігін жоғалтады.

Есіңізде болсын: суда жүргенде өз қауіпсіздігіңіз бен балаларыңыздың қауіпсіздігі туралы ешқашан ұмытпаңыз. Қиындыққа тап болған адамдарға көмектесуге дайын болыңыз. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!



Алматы облысы ТЖД

баспасөз қызметы