
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құрама командасы құқық қорғау органдары, арнайы және күштік құрылымдары қызметкерлері арасында ҚР ҰҚК төрағасының кубогы үшін футболдан өткен жыл сайынғы республикалық турнирге алғаш рет қатыстып екінші орынды иеленді. Бірінші орынды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, ал үшінші орынды Ішкі істер министрлігінің командалары алды.
Турнир 2021 жылғы 15 маусым мен 10 шілде аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Номад» спорт кешенінің базасында өтті.
Жарысқа 8 команда қатысты. Бұл Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Шекара қызметінің, Ішкі істер министрлігінің, Қорғаныс министрлігінің, Мемлекеттік күзет қызметінің, Қаржы мониторингі агенттігінің, ІІМ Ұлттық ұланның командалары.
Еліміздің күштік құрылымдарының басшылары, ардагерлер, елордалық балалар футбол клубтарының тәрбиеленушілері қонақ ретінде қатысты.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі