
2021 жылдың 7 шілдесінде Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясында 1-курс курсанттарынан тұратын практикалық оқыту бөлімінің кезекші қарауылдары арасында «Үздік қарауыл» конкурсы өтті. Оған 8 команда қатысты.
Аталған іс-шараның мақсаты - кезекші қарауылдардың жеке құрамымен өрт-құтқару дайындығы бойынша өткізілген сабақтардың сапасын тексеру және нормативтерді пысықтау.
Байқау 4 кезеңде өтті. Алғашқы кезеңде курсанттар белгілі бір уақыт ішінде №1 нормативті орындау шарттарына сәйкес өрт сөндірушінің жауынгерлік киімдері мен жабдықтарын киді. Содан кейін автоцистернаға отырды.
Әрі қарай қатысушылар «Drager» тыныс алу аппаратын №1-тексеруден өткізді. Үшінші кезең - екі өрт жеңдері арқылы күштер мен құралдарды орналастыру. Байқаудың соңғы кезеңінде курсанттар ғимарат конструкциясына құтқару арқанын төрт тәсілдің бірімен бекітті.
Кезекші қарауыл сабақ барысында алған білімдері мен дағдыларын барынша көрсетуге тырысты. Алайда, байқауда тек үздіктер ғана жеңіске жетеді.
Осылайша, «Үздік қарауыл» атағына курсанттар Ерген Абушахман, Алмас Құрбанов, Аспандияр Әбілтаев, Даурен Қадыр, Нұраман Ермекбаевтан құралған кезекші қарауыл ие болды.
Жеңімпаздарға кубоктар мен грамоталар тапсырылды.
Қазақстан Республикасы ТЖМ
Мәлік Ғабдуллин атындағы
Азаматтық қорғау академиясының
баспасөз қызметі