Құтқарушылар Алматы тауларында жоғалған адамды тапты

Құтқарушылар Алматы тауларында жоғалған адамды тапты

8 шілдеде сағат 11.00 шамасында ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жоғалып кеткен Әлия Камиеваны Үлкен Алматы көлінен жоғары 3 шақырым жерден тапты. Оның жағдайы ауыр, жедел тасымалдап, ауруханаға жатқызу қажет болды.

ТЖМ Қазавиқұтқару МИ-703 борты оқиға орнына барып, зардап шеккен адамды Үлкен Алматы өзені тікұшақ алаңына жедел түрде тасымалдады. Ол жерде оны ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы мен жедел-медициналық көмек бригадасы күтіп алып, № 7 ауруханаға жатқызылды.

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі