Бурабай көлінде 19 адам құтқарылды

Бурабай көлінде 19 адам құтқарылды

Бүгін 5 шілдеде сағат 20.00-де құтқарушылар Бурабай көлінде патрульдеу кезінде 19 адамды, оның ішінде 7 баланы құтқарды. Желдің күшеюіне байланысты туристер қайықтармен және катамарандармен жағалауға өз еркімен жете алмады. Ақмола облысы ТЖД құтқарушыларының жедел іс-қимылдарының арқасында ешкім зардап шеккен жоқ.

ҚР ТЖМ азаматтарға судағы негізгі қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескертеді. Сақ болыңыздар!

 

 

 ҚР ТЖМ баспасөз қызметі