ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин бастаған үкімет делегациясы Аюсай сел ұстайтын бөгеттің құрылыс орнына барды.
Жұмыс сапары аясында делегация бөгет құрылысының барысымен танысты.
Бөгет құрылысы өткен жылы Іле-Алатау ұлттық паркі аумағында басталған болатын. Құрылысты 2023 жылы аяқтау жоспарлануда.
Бүгінгі күні құрылыс жұмыстарының 35%-ы жүргізілді. Биіктігі 22 метр (40 метрден) жер бөгеті және айналма канал бөгеті салынды. Жер бөгеті аяқталғаннан кейін айналмалы серпантин жолының құрылысын бастау жоспарлануда.
Құрылыс аяқталғаннан кейін бөгет Алматы қаласының 3 мың объектісін және 40 мыңнан астам халқын сел тасқынынан қорғауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ туристік шекараларды кеңейтуге мүмкіндік береді.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі