Жасөспірімдер арасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша XI чемпионатының екінші кезеңі аяқталды

Жасөспірімдер арасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша XI чемпионатының екінші кезеңі аяқталды

2021 жылғы 1 шілдеде Павлодар қаласында 100 метрлік кедергілері бар жолақтан өту бойынша жасөспірімдер арасындағы өрт-құтқару спорты бойынша XI чемпионаттың екінші кезеңі аяқталды.

Кіші топ арасындағы тартыста үшінші орынды Шығыс Қазақстан облысынан Колмаков Глеб, екінші орынды Нұр-сұлтан қаласынан Мұратұлы Жүсіп және бірінші орынды Батыс Қазақстан облысынан Серіков Абылай иеленді.

Орта топта үшінші және екінші орындарды Батыс Қазақстан облысынан Райымбек Райымқұлов пен Никита Мұхамадеев алды, бірінші орынды Шығыс Қазақстан облысынан Виктор Коршак иеленді.

Аға топтан үшінші орынды Нұр-Сұлтан қаласынан Кипчаков Құралсын, екінші орынды Солтүстік Қазақстан облысынан Мұхамедиев Расул және бірінші орынды Батыс Қазақстан облысынан Ахмет Мақсот алды.

Екінші кезеңнің соңында барлық жүлдегерлерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар берілді.

 

Павлодар облысы ТЖД