Бүгін Павлодар қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша XI чемпионаттың бірінші кезеңі өтті. Жасөспірім ұлдар мен қыздар оқу мұнарасының екінші қабатындағы терезенің саңылауына шабуыл сатысымен көтерілу бойынша сайысты.
Кіші топ арасында тартысты сайыста Нұр-Сұлтан қаласынан Мұратұлы Жүсіп үшінші орынды, Шығыс Қазақстан облысынан Колмаков Глеб екінші орынды, Қарағанды облысынан Мартынов Антон бірінші орынды иеленді.
Орта топта үшінші орынды Нұр-Сұлтан қаласынан Мұратұлы Әбдікәрім, екінші орынды Ақтөбе облысынан спортшы қыз Әйтекеева Нұрғиса иеленді, Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғаған Коршак Виктор бірінші орынды жеңіп алды.
Жоғары топта үшінші орынды Батыс Қазақстан облысынан Ахмет Мақсот, екінші орынды Шығыс Қазақстан облысынан Әбілбаев Дінмұхамед және бірінші орынды Солтүстік Қазақстан облысынан Мұхамедиев Расул иеленді.
Қазақстан Республикасының өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорт федерациясы атқарушы комитетінің директоры Дәурен Данаев пен Павлодар облысы ТЖ департаментінің бастығы Жасұлан Жұмашев барлық жүлдегерлерді құттықтап, оларды медальдармен марапаттады және ескерткіш сыйлықтар табыс етті.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі