
Павлодар қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша жасөспірімдер арасында XI Чемпионат басталды. Жарыс 30 маусым мен 3 шілде аралығында Орталық стадион мен "Жұлдыз" стадионында, сондай-ақ Павлодар қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде өтеді.
Чемпионаттың ашылу салтанатына "Қазақстан Республикасының өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорт федерациясы" ҚБ атқарушы комитетінің директоры Дәурен Данаев, азаматтық қорғау ардагері Серік Адамжанов, Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Жасұлан Жұмашев, Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Олег Крук қатысты.
Чемпионатқа 14 өңірден 15 команда, сондай-ақ Абылайхан атындағы Қызылорда колледжінің спортшылары қатысады, бұл еліміздің түкпір-түкпірінен екі жүзден астам қатысушы. Жарыс төрт сайыс бойынша өтеді: шабуыл сатысымен көтерілу, 100 метрлік кедергілері бар жолақтан өту, 4×100 метрлік өрт эстафетасы, жауынгерлік қанат жаю.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі