Төтенше жағдайлар министрі Ұлттық волонтерлік желі өкілдерімен кездесті

Төтенше жағдайлар министрі Ұлттық волонтерлік желі өкілдерімен кездесті

2021 жылғы 25 маусымда Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Ұлттық волонтерлік желі өкілдерімен кездесті. Іс-шара онлайн режимде өтті.

Кездесу барысында ТЖМ аумақтық бөлімшелері мен волонтерлердің төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша бірлескен жұмыс қорытындысы, сондай-ақ волонтерлік қызметтегі проблемалық мәселелер қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша волонтерлік ұйымдардың одан әрі өзара іс-қимылы мен дамуы, проблемалық мәселелер шешу жолдары бойынша келісілген шешім қабылданды.

 

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі