
2021 жылдың 16 маусымында Мәлік Ғабдуллин музейі аумағында ашық аспан астында орналасқан «Бейбіт күннің батырлары» атты көрменің ашылуы өтті.
Көременің мақсаты өрт сөндіру қызметінің тарихын, оның маңызын түсіндіру, бейбіт күн батырларының ерлігіне құрмет көрсету болып табылады.
Салтанатты шараға Академия басшылығы, Ақмола облысы ТЖД басшылығы, Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының өкілдері, азаматтық қорғау органдары ардагерлер кеңесінің өкілдері қатысты.
Академия бастығы С.Д.Шәріпханов ашылу салтанатына байланысты құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде қазір азаматтық қорғау органдарын дамытуға көп көңіл бөлінетінін және бейбіт уақыттағы нағыз батырларды қолдау және мейірбан жандар қызметін насихаттау өскелең ұрпақ үшін тамаша үлгі болып табылатынын атап өтті.
Ашылу салтанатында ҚР ІІМ құрметті ардагері, отствактағы полковник С.А. Асылбеков Академияның қалыптасуы мен даму хроникасымен, фотоқұжаттармен және бейнематериалдармен таныстырды. Сондай-ақ, көрмеде экспонаттар, макеттер, батырлар еңбегінің марапаттары мен медальдары, өрт сөндіру техникасы мен өрт сөндіруші-құтқарушының жауынгерлік киімдері ұсынылды.
ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы
Азаматтық қорғау академиясының
баспасөз қызметі