
Бүгін Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков азаматтарды онлайн қабылдады.
Шара барысында Нұр-Сұлтан қаласы мен Алматы қалаларының тұрғындарынан бірқатар сұрақтар түсті. Келген сұрақтардың басым бөлігі өрт қауіпсіздігі мәселесіне қатысты болды.
Мәселен, Алматы қаласының тұрғыны қоғамдық тамақтану объектілерін өрт қауіптіліктің жоғары санатына қосу және мүлік иелері бірлестігінің қатысуымен тұрақты тексерулерді енгізу мәселелерімен жүгінді.
Елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінің тұрғындарын өз үйлеріндегі өрт қауіпсіздігі мәселесі алаңдатады.
Қабылдау соңында вице-министр ТЖМ жауапты қызметкерлеріне тиісті тапсырмалар берді, барлық азаматтардың өтінішері жауапсыз қалмайтындығын және ТЖМ басшылығының тұрақты бақылауында болатынын ескертті.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі