
Жыл сайын 1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі.
Бұл күні түрлі іс-шаралар өткізіледі, олардың мақсаты бүкіл әлемдегі балалардың жағдайына назар аудару.
Мерекенің негізгі қонақтары - жетім балалар мен мүгедектер, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалар, әкелері қызметтік міндеттерін орындау кезінде қайтыс болған балалар.
Төтенше жағдайлар органдары ардагерлерінің Орталық кеңесінің Төралқасы бұл күні қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің балаларына қаржылай көмек көрсету туралы шешім қабылдады.
Қазақстандық Төтенше жағдайлар органдарының ардагерлер ұйымының есебінде барлығы 17 отбасы тіркелген, онда қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан, адамдардың өмірін құтқарған қызметкерлердің 30 баласы тұрады.
Балалар өз әкелерінің ерліктерімен мақтана алады және олардың арасында міндетті түрде азаматтық қорғау органдарының болашақ қызметкерлері бар.
«Төтенше жағдайлар органдары
ардагерлерінің қазақстандық ұйымы»
қоғамдық бірлестігі