
2021 жылдың 31 мамырында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Балалардың жаз мезгіліндегі қауіпсіздігі» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Шараға ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Сыздықов Бауыржан, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің өкілдері қатысты.
Бауыржан Сыздықов Төтенше жағдайлар министрлігі балалардың жазғы кезеңде қауіпсіз демалуына ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.
Ең маңыздысы су айдындарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Биылғы жылы суда ТЖ туындау қаупін төмендету бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жұмыс алдын ала басталып, жүргізілуде.
Қалалық жағажайларда қауіпсіз балалар шомылатын тайыз бассейндер жабдықталады, оларда құтқарушылар өткен жылдардағыдай шомылу маусымы кезеңінде балаларды жүзу дағдыларына үйрету бойынша жұмыс жүргізеді.
Қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру мақсатында оқу орындарында 640-тан астам интерактивті сабақ, 880-нен астам жиын өткізілді.
115 мыңнан астам үгіт-насихат өнімі (парақшалар, жаднамалар, брошюралар) таратылды, су айдындарында 3 390-нан астам қауіпсіздік белгісі орнатылды.
Күн сайын қоғамдық орындарда болу, су пайдалану және судағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарын бұзушылықтардың жолын кесу бойынша рейдтер мен патрульдеу жүргізіледі.
Жыл басынан бері ТЖМ құтқарушылары 6 баланы құтқарды.
Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, жыл басынан бері балаларды қараусыз қалдыру себебінен шомылуға белгіленбеген орындарда балалардың өлімінің 34 жағдайы тіркелді. Бұл фактілер Түркістан, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді.
Екінші маңызды мәселе балалар лагерлері мен демалыс аймақтарында балалардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Балалардың отпен ойнауы себебінен өрттердің профилактикасы, сондай-ақ қауіпсіз жүріс-тұрыс бойынша білім деңгейін арттыру мақсатында 1 211 интерактивті сабақ және жас құтқарушылар жасақтарымен 19 жарыс өткізілді. 17 мыңнан астам баланы қамти отырып, өрт-техникалық орталықтарына 738 экскурсия және 400-ден астам ашық есік күні ұйымдастырылды.
Балалар өлімінің негізгі себебі ата-аналардың немқұрайлылығы, балаларды қараусыз қалдыруы, ұйықтап жатуы, өрт туындаған кезде дұрыс емес әрекеттер жасауы болып табылады
Жыл басынан бері қабылданған шараларға қарамастан өрт салдарынан 17 бала қаза тапты ( 2020ж – 12), 17 бала жарақат алды (2020ж - 10). Улы газбен уланудан (өрттің туындауына әкелмеген өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу нәтижесінде) 5 бала қаза тапты ( 2020ж. – 7), 84 бала уланды ( 2020ж. -52).
Өрт кезінде балалардың қаза болуы мен улы газбен улануының өсу себептерінің бірі олардың өз бетінше жұмыспен қамтылуы болып табылады. Балаларды сауықтыру лагерьлерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тәуекел дәрежесін бағалау критерийлеріне сәйкес сәуір айынан бастап өрт қауіпсіздігі саласында тексерулер басталды және маусым айының соңына дейін жалғасады. Қазіргі уақытта Министрліктің аумақтық бөлімшелері өрт қауіпсіздігі саласындағы ерекше тәртіп бойынша 25 лагерьді тексерді.
Тексеру нәтижелері бойынша 171 өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылық анықталды, бірінші басшыларға бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді, сондай-ақ лауазымды және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Баспасөз конференциясы соңында Бауыржан Сыздықов судағы қауіпсіздік қағидалары мен өрт қауіпсіздік қағидаларын еске салды.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі