Қарағанды облысының Приозерск қаласында сүңгуірлерді даярлау бойынша тренинг жалғасуда

Қарағанды облысының Приозерск қаласында сүңгуірлерді даярлау бойынша тренинг жалғасуда

Қарағанды облысының Приозерск қаласындағы құтқару станция базасында Қазақстан Республикасы ТЖМ сүңгуірлерін дайындау бойынша тренинг жалғасуда. 2021 жылғы 27 мамырда сүңгуірлерді практикалық даярлау бойынша сабақтар өткізілді. Білім алушылар сүңгуірлік жұмыстар мен түсімдердің басшылары тағайындалған, жұмыс істейтін, сақтандырушы және сүңгуірлерді қамтамасыз ететін сүңгуірлік станциялар (топтар) бойынша бөлінеді.

Бірінші тапсырма аясында білім алушылар сүңгуірлердің жұмыс уақытын декомпрессия режимі бойынша сүңгу тереңдігін және жер бетіне шығуын ескере отырып орындады. Сүңгуірлер сүңгуірлерді нақты жоспарлауға және жүргізуге мүмкіндік беретін декомпрессиялық кестелермен жұмыс істеу дағдыларын игерді.

Екінші тапсырманы орындау кезінде сүңгуірлер гидравликалық, пневматикалық және гидродинамикалық құралдарды пайдалана отырып, су астында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу дағдыларын пысықтады. Әрбір сүңгуірлік станция су астында бір тапсырма бойынша жұмыс істеді (ұсталық және слесарлық жұмыстар, оның ішінде су асты шой балғасымен).

Бұдан басқа, білім алушыларға авариялық сүңгуірге көмек көрсету тәсілдері, оны барокамераға орналастыру және емдеу рекомбресиясын жүргізу арқылы жеткізілді. Білім алушыларды сүңгуірлік түсулерді медициналық қамтамасыз ету ұйымымен таныстыру үшін сүңгуірлік станциялардың лауазымды адамдарының режимдері мен іс-қимылдарын есептеу бойынша міндеттер орындалды.

Айта кету керек, сабақтар құтқару станциялары бассейнінде де, Балқаш көлінің айдынында да ылғалды гидрокостюмдерді, гидроакустикалық байланыс жүйелері бар толық бетті маскаларды қолдана отырып жүргізілді.

Акваторияда жұмыс істеу кезінде сүңгуірлер әртүрлі гидродинамикалық құралдармен танысып, оны қойылған міндеттерді шешу үшін қолдануды үйренді.

Алдағы уақытта авариялық автомобильді көтеру, су астында монтаждау жұмыстарын жүргізу және су асты үйінділерін бөлшектеу дағдыларына оқыту жоспарлануда, сүңгуірлік жұмыстардың медициналық аспектілеріне ерекше назар аударылатын болады, өйткені жұмыстағы ең бастысы – сүңгуірдің өмірі мен денсаулығын сақтау.

 

 

Төтенше жағдайларды жою департаменті