Аңдатпа

Аңдатпа

2021 жылдың 27 мамырында сағат 10.30-да Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің қатысуымен Ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысы өтеді. Шараға қоғам қайраткерлері, ТЖМ аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ Мәлік Ғабдуллиннің қызы Майдан Мәлікқызы онлайн форматта қатысатын болады.

Сағат 11.30-да  Мәлік Ғабдуллин ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі  өтеді.

Сағат 12.00-де Академия алаңында  жас офицер-түлектерге оқу орнын бітіру туралы дипломдар беру және оларды шығарып салу салтанатты рәсімі өтеді.

 

 

Аккредиттеу мәселелері бойынша

ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының баспасөзқызметіне 87785238445, 87712821546 телефондары бойынша хабарласыңыздар