Сүңгуірлерді оқыту бойынша тренингтің теориялық бөлігі

Сүңгуірлерді оқыту бойынша тренингтің теориялық бөлігі

2021 жылғы 25 мамырда Приозерск қаласының құтқару станциясы базасында Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы және Қазақстан Республикасының жаттықтырушы-нұсқаушылары өткізетін сүңгуірлерді мамандандырудың 1-2 тобына оқыту бойынша тренингтің теориялық бөлігі басталды.

Нұсқаушылар сүңгуірлік жұмыстар мен түсу негіздері, тереңдіктің сүңгуірдің денесіне әсер ету ерекшеліктері, әртүрлі елдердегі сүңгуірлердің біліктілік сипаттамалары бойынша сабақтар өткізді.

Білім алушылар гипербарикалық медицина мәселелерімен, сүңгуір ауруларының физиологиясымен және алғашқы көмек көрсету ережелерімен танысты.

Сабақ барысында тереңдікте болудың шекті уақытын, қажетті ауа қорын есептеу және декомпрессия режимдеріне шығу арқылы су астындағы жұмыстарды ұйымдастыру бойынша практикалық міндеттер шешілді.

Оқу бейнероликтері көрсетілді, сүңгуірлердің практикалық қызметінде болған оқиғалар талданды.

Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Қырғыз Республикасының сүңгуірлік жұмыстары мәселелерінде нормативтік құжаттар талқыланды.

Айта кету керек, күнделікті тренинг сабақ өткізу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау, сүңгуірлерді медициналық тексеру бойынша нұсқаулардан басталады және санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың талаптарын сақтай отырып жүргізіледі.

 

 

Төтенше жағдайларды жою департаменті