
2021 жылдың 24 мамырында сағат 18.35-те 112 пультіне учаскелік полициядан Солнечный кентінің жергілікті тұрғыны суға батып бара жатқан ер балаларды құтқарғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Екібастұз қаласының Солнечный кентінде, ГРЭС-2 каналында, осы кенттің жергілікті тұрғыны болып табылатын, 1991 жылы туған ер адам Леонтьев Денис Александрович 2009 және 2010 жылдары туған кәмелетке толмаған екі баланы құтқарды. Балалар суға шомылуға белгіленбеген жерде суға батып кете жаздаған. Балалар орталық аудандық ауруханаға жедел жәрдеммен жеткізілді, дәрігерлердің бақылауында болды.
Құтқарушылар облыс тұрғындары мен ата-аналардан жазғы демалыс кезінде кәмелетке толмаған балаларды бақылауды сұрайды. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз.
Павлодар облысы ТЖД