Ардагерлер ұйымын қайта құру жұмысының қорытындысы бойынша министрліктің Орталық ардагерлер кеңесі төралқасының отырысы өтті

Ардагерлер ұйымын қайта құру жұмысының қорытындысы бойынша министрліктің Орталық ардагерлер кеңесі төралқасының отырысы өтті

Министрліктің Орталық ардагерлер кеңесінің Төралқасы өз жұмысын Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «ӨС және АҚЖҚ» ММ өрт сөндірушілері мен құтқарушыларының музейіне барудан бастады.

Төралқа төрағасы отставкадағы генерал-майор М.Қ. Ысқақов қатысушылар алдында музей қызметкері Камелова Құралай Тұяққызына өткізілген танымдық экскурсиясы үшін алғыс айтып, музей мәдени алмасудың, мәдениеттерді байытудың және адамдар арасындағы өзара түсіністікті, ынтымақтастық пен бейбітшілікті дамытудың маңызды құралы болып табылатынын атап өтті.

Төралқаның шешімімен музей үшін интерьер заттары сатып алынды, ал К.Т. Камелова мұражайды дамытудағы ерекше еңбегі үшін «Ардагер» төсбелгісімен марапатталып, ақшалай сыйлықақы табыс етілді.

Бұл күні Төралқаның жұмысы мазмұнды болды.

Төрағаның орынбасары, отставкадағы полковник Ю. А. Сохиннің Төтенше жағдайлар органдарының Қазақстандық ардагерлер ұйымын қайта құру туралы есебі тыңдалды; азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқандардың отбасыларына (жесірлерге) материалдық көмек мөлшерін бекіту және талқылау; ардагер - көп балалы отбасы басшысының қайтыс болуы және ардагерлерге операция (емдеу) жүргізу жөнінде талқыланды.

Төралқа ардагерлер ұйымының жұмысына оң баға берді.

Отырыс соңында Төралқа мүшелері азаматтық қорғау органдарының ардагері, «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорт федерациясы» қоғамдық бірлестігі атқару комитетінің директоры Данаев Дәурен Төлегенұлын спорт федерациясындағы көп жылғы жетістіктері, әлемдегі өрт-қолданбалы спортын насихаттау, өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, өрт сөндіруші және құтқарушы мамандығын танымал етуге белсенді қатысқаны үшін «Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау орталарына 25 жыл» төсбелгісімен наградтау туралы бірауыздан шешім қабылдады.

 

«Төтенше жағдайлар органдары ардагерлерінің қазақстандық ұйымы» қоғамдық бірлестігі