Ақмола облысында «Дармен» эстафета-акциясы өтті

Ақмола облысында «Дармен» эстафета-акциясы өтті
Ақмола облысында «Дармен» эстафета-акциясы өтті, іс-шара Көкшетау қаласының «Ұлы дала ұрпақтары» жазғы лагерінде өткізілді. Балалар акцияға белсене қатысып, суреттер арқылы өз ойларын білдірді.
Акцияның белгісі – адамдарға алғашқы өрт сөндіру құралы ретінде көмекке келетін балалар құтқарушысы бейнесіндегі Дармен өрт сөндіргіші.
Эстафетаның мақсаты балаларды өрт қауіпсіздігінің қарапайым талаптарына, өрт шыққан жағдайда дұрыс іс-қимыл жасауға үйрету, жеке қауіпсіздік және қоршаған ортаның қауіпсіздігі мәселелеріне саналы және жауапты қарым-қатынасты қалыптастыру болып табылады.
Акция Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінен басталып біздің республикамыздың барлық өңірлерін аралап өтті. Бүгінгі күні эстафетаны Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті, Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінен қабылдады. Бүгін өз акциямызды аяқтай отырып, біз эстафетаны Павлодар облысы ТЖД-не тапсырамыз», - деді Ақмола облысы ТЖД ЗҚҚА және ҚСББ аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Әсет Әлімтайұлы Қасенов.
Акцияға қатысушы Қошқарбаев Бейбарыс өз пікірімен бөлісті «бүгін бізде өте қызықты күн болды. Өрт сөндірушілер бізге судағы, үйде және демалыстағы қауіпсіздік шаралары туралы айтты. Сөндіргішпен қалай қолдану керектігін көрсетті. Мен акцияға қатысқаныма өте қуаныштымын, алған білімдерімді өзімнің кіші бауырларыммен бөлісетін боламын».
   
                                                                                                      Ақмола облысы ТЖД