КТИ үрмелі оркестрі Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құттықтады

КТИ үрмелі оркестрі Ұлы Отан соғысы ардагерлерін  құттықтады

2021 жылдың  8-9 мамыры аралығында ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтының үрмелі оркестрі Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің аулаларында  майдан кезіндегі музыкалық композицияларды орындады. Курсанттар «Жеңіс күні», «Қарсы марш», «Славянмен қоштасу» және соғыс жылдарындағы басқа да әндерді орындады.

Ардагерлер мен қала тұрғындары оркестрдің көшпелі концерттеріне ризашылықтарын білдірді. Басты көрермендер курсанттарға алғыс айтты. "Бізге келіп, мерекелік көңіл-күй сыйлағандарыңыз үшін үлкен рахмет. Бүгін сіздермен өте қызықты болды. Есіме жастық шағымды түсірдіңіздер.  Соғыс кезінде бастан кешкен қиыншылықтарымыздың барлығы көз алдыма келді", - деді ардагер Асылбек Дәулетов.

Қазіргі таңда Көкшетауда Ұлы Отан соғысының 6 ардагері тұрады. Болашақ  құтқарушылар  оларға  жыл сайын құттықтап  келеді.

Айта кетейік, үрмелі оркестр құрамында 18 курсант бар. Бас дирижері -Челябі мемлекеттік мәдениет академиясының түлегі Роман Гомозов.

 

ҚР ТЖМ КТИ баспасөз қызметі