Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері вакцинациядан өтуде

Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері вакцинациядан өтуде

Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері белсенді түрде вакцина алуда. Вакцинациялау ерікті түрде жүргізулуде.

Дәл қазіргі уақытта азаматтық қорғау органдарының 8 мыңнан астам қызметкері екпе алды. Олардың қатарында ТЖ министрлігінің басшылық құрамы, құтқарушылар, өрт сөндірушілер, кинологтар, медицина қызметкерлері, ұшқыштар, Көкшетау техникалық институтының курсанттары және әскери бөлімдердің әскери қызметшілері бар. Азаматтық қорғау органдарының жеке құрамын вакцинациялау жалғасуда.

Вакцинациядан бұрын әр қызметкер дәрігердің қарсы көрсетілімдері бойынша міндетті тексеруден өтті. Дәрігер олардың дене қызуын, сатурациясын, артериялық қысымын өлшеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, вакцинацияға оң көзқараспен қарау керектігін, ұстамдылықты жоғалтпай, барлық санитарлық нормаларды сақтап, коронавирусқа қарсы жаппай вакцинацияны қолдау қажеттігін атап өтті.

 

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі