Өзіңізді және өз жақындарыңызды қорғаңыз - екпе жасатыңыз

Өзіңізді және өз жақындарыңызды қорғаңыз - екпе жасатыңыз

1 ақпаннан бастап Қазақстанда Covid-19 пандемиясын тежеу үшін жаппай вакцинация бағдарламасы қолға алынды.

Бүгінгі таңда ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының 382 қызметкері «Спутник-V» вакцинасын алды. «Спутник V» - коронавирустық инфекцияның алдын алуға арналған әлемдегі алғашқы вакцина. Вакцина екі компонентті, ол адамның аденовирус векторы негізінде жасалған.

Вакцинациядан бұрын әр қызметкер дәрігердің қарсы көрсетілімдері бойынша міндетті тексеруден өтті. Вакцина алар алдында емхана дәрігері дене қызуын, сатурацияны, артериялық қысымды өлшеп, әрбір қызметкерді тексерді және қандай да бір дәріге аллергияның, созылмалы аурулардың бар немесе жоғы, пациент диспансерлік есепте тұр ма, қандай дәрілерді қабылдайтыны туралы анықтап алды. Екпе алар алдында қызметкерлер ерікті түрде ақпараттандырылған келісімге қол қойды.

Барлық сұрақтар бойынша әрбір МСАК ұйымында бар колл-орталыққа жүгінуге болады. Телефон нөмірлерін қалалық денсаулық сақтау және емханалар сайттарынан табуға болады.

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз-вакцинация жасаңыз!

 

 

ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы ММ