
2021 жылғы 19 сәуірде ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институты базасында Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменттері қызметкерлерінің «Газ және газбен жабдықтау саласында мемлекеттік қадағалау функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік инспекторлар» санаты бойынша біліктілігін арттыру курстары басталды.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Самат Қосайұлы Қазақбаев курстарға кіріспе сөз сөйлеп, қызметкерлердің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы білімін жетілдіру жөніндегі жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Аталмыш курс 23 сәуірге дейін жалғасады. Оған 37 қызметкер қатысады.
Аталмыш курстарда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және елорданың Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменттерінің тәжірибелі мамандары, сондай-ақ институт оқытушылары дәріс оқитын болады.
ҚР ТЖМ КТИ баспасөз қызметі