Құрмет демалысына шығарып салу

Құрмет демалысына шығарып салу

Бүгін Министр, министрлік ұжымының және жеке өзінің атынан айтулы оқиға – құрмет демалысына шығуларына орай Асқар Қайыржанұлы Кокишев пен Махаббат Қадырқызы Мақаеваны шын жүректен құттықтады.

Оларға азаматтық қорғау органдарындағы көпжылдық және адал қызметтері үшін алғыс айтты.

Асқар Қайыржанұлы, азаматтық қорғау органдарында 20 жылдан астам қызмет атқарды, кіші инспектордан бастап Министрліктің Өртке қарсы қызмет комитеті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасы бастығының орынбасарына қызметтерін лайықты өтті.

Махаббат Қадырқызы, Ішкі істер және азаматтық қорғау органдарында 25 жылдан астам уақыт жұмыс істеп, Министрліктің жауапты және негізгі бөлімшелерін басқарды.

Министр жас зейнеткерлерді құттықтап, зейнетке шығу - бұл тек бастама! Жедел жұмысқа орын жоқ, бірақ сүйікті істеріңіз бен жақындарыңыз үшін әрқашан уақыт табылатын жаңа өмірдің бастауы екенін атап өтті.

Ол азаматтық қорғау саласының жас ардагерлеріне әлі де белсенді және маңызды істермен айналысуды, бірде-бір ауруға шалдықпауды және күнтізбенің жаңа санын үнемі жаңа мақсаттармен, үміттермен және ұмтылыстармен ашуды тіледі.

 

ҚР ТЖМ Кадр саясаты департаменті