
ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының дәрігерлері мен ШҚО ТЖД құтқарушылары тікұшақтың көмегімен зардап шеккен шаңғышыны эвакуациялады. Көмек сұраған дабыл 17 сәуір күні ШҚО бойынша АМО филиалының диспетчерлік пунктіне түсті.
Анықталғандай, Риддер қаласынан 70 шақырым жерде 1962 жылы туған ер адам аяғын сындырып алған.
Апаттар медицинасы орталығының шұғыл медициналық көмек көрсету бригадасы зардап шегушіге шұғыл медициналық көмек көрсетті, шина салды. Одан әрі зардап шегушіні тікұшақпен Риддер қаласының ауруханасына дейін тасымалдады.
Егер жағдай сіздің өміріңізге немесе айналаңыздағылардың өміріне қауіп төндірсе, 112 жедел қызмет нөміріне қоңырау шалу қажет.
ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы ММ