
Алматы облысының Балқаш ауданында құрғақ шөп пен қамыстың өрт ошақтары бүгінгі күні жойылды.
Естеріңізге сала кетейік, Балқаш ауданында өрт сөндірушілер бірнеше күн бойы Жиделі, Ақкөл және Қарой ауылдық округтерінде құрғақ шөп пен қамыстың үш ошағын жойылды.
Көкжиде ауылының маңындағы Ақкөл ауылдық округіндегі жану ошағы 2021 жылдың 16 сәуірінде жергілікті уақытпен сағат 20-30-да (ауданы 30 га) жойылды.
Бүгін 17 сәуір күні сағат 09-20-да Жиделі ауылдық округінде Жиделі ауылының маңындағы (ауданы 45 Га) және сағат 11-14-те Қараой ауылдық округінде (жану алаңы нақтылануда) жану ошағы жойылды.
Балқаш ауданында өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД, орман шаруашылығы, Қазавиаорманқорғау, жергілікті атқарушы органдар, Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты және ерікті өрт сөндіру құрамаларының 139 адамы мен 20 техникасы жұмылдырылды.
Бірлескен күштің арқасында отты төрт шаруа қожалығына таратуға жол берілген жоқ, олардың үшеуі Жиделі ауылдық округінде және біреуі Ақкөл ауылдық округінде орналасқан. Аталған округ тұрғындары өрт ошақтарын сөндіруге жұмылдырылған барлық қызметтерге үлкен алғыстарын білдірді.
Құрылған комиссия жанудың жалпы ауданын және келтірілген материалдық залал нақтылануда.
Бүгін Қазавиаорманқорғау қызметкерлері мен Алматы облысы ТЖД қызметкерлері жасаған аэровизуалды ұшу кезінде Көктал ауылдық округінің Қоскүмбез учаскесінде немесе өзен атырауындағы жету қиын, сулы-батпақты аралдарда қамыстың жану ошақтары бар екені анықталды, онда қандай да бір құрылыстар табылған жоқ.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды өрт қауіпті кезеңде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі