Заседание коллегии об итогах деятельности ОГЗ за 1 квартал 2021 года

Заседание коллегии об итогах деятельности ОГЗ за 1 квартал 2021 года

2021 жылғы 16 сәуірде министр Юрий Ильиннің төрағалығымен ТЖМ ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы азаматтық қорғау органдары қызметінің қорытындысы бойынша алқа отырысы өтті.

Оның жұмысына ТЖМ орталық аппаратының басшы құрамы, аумақтық төтенше жағдайлар департаменттерінің бастықтары қатысты. Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты алқа бейнеконференцбайланыс режимінде өтті.

Министр бірінші тоқсанда 2 990 төтенше жағдай мен табиғи және техногендік сипаттағы оқиғалар тіркелгенін атап өтті. Төтенше жағдайларды жою кезінде ТЖМ бөлімшелерімен 4 244 адам құтқарылды, төтенше жағдайлар аймағынан 5 658 адам эвакуацияланды, 745 зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Сонымен қатар, Ю.Ильин ЖАО-мен бірлесіп Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін құру және алдағы шомылу маусымына дайындық жұмыстарын жандандыру қажеттігін атап өтті.

Алқа барысында қысқы кезеңдегі ТЖ қорытындылары және алдағы өрт қауіпті кезеңге дайындық мәселелері, атап айтқанда, елді мекендердің айналасында минералданған жолақтарды орнату бойынша нақты шаралар қабылдау, өрт техникасының табиғи өрттердің туындауына жедел ден қоюға дайындығын қамтамасыз ету, ЖАО және орман шаруашылықтарымен өрт қауіпті маусымға күштер мен құралдардың дайындығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізу талқыланды.

Қорытындылай келе, Төтенше жағдайлар министрі Ю. Ильин Мемлекет Басшысының тапсырмаларын іске асыруға, сондай-ақ қызметтік дайындықты және азаматтық қорғау органдары қызметінің басқа да бағыттарын ұйымдастыруға бағытталған бірқатар негізгі мәселелерді атап өтті.

 

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі