
Диплом алдындағы тәжірибе - бұл болашақ маманды кәсіби қызметке дайындауға ықпал ететін оқу үрдісін аяқтайтын маңызды кезең.
Бірінші кезекте, ол курсанттардың нақты жағдайларда іс-қимыл жасауға дайындығын тексереді, тәжірибе барысында өрт, авария және басқа да төтенше жағдайлар орындарында тікелей жұмыс істеу, сондай-ақ тапсырылған міндетті өз бетінше де, команда құрамында да шешу дағдыларын дамытады.
2021 жылдың 12 сәуірінде күндізгі оқу факультетінің 4-курсында Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелерінде, әскери бөлімдерде, Көкшетау техникалық институтында және Қырғыз Республикасы ТЖМ-де ұйымдастырылған диплом алдындағы тәжірибе басталды.
Бұл дегеніміз, түлектер Институт қабырғасында алған теориялық дайындық деңгейін көрсетуі керек.
Алда оларды тағы бір кезең күтіп тұр – бұл мемлекеттік емтихандарды тапсыру және дипломдық жұмыстарды (жобаларды) қорғау.
ҚР ТЖМ КТИ баспасөз қызметі